Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Бірегей экспонаттар залы

Бірегей экспонаттар залы 2019 жылы алғаш рет жасақталып ашылды. Бұл залды музейде сақталған бірегей бұйымдардың ашық қоры деп атаса да болады. Мұнда ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін сабақтаса дамып келе жатқан түпнұсқа бұйымдар келушілердің назарына ұсынылған.

Зал экспонаттары қола дәуірінен бастау алады. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың аяғында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мысты, алтынды өндіріп, өңдеуді игеріп, б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында түсті металлдарды өңдеуді жоғары деңгейге жеткізеді.

Келесі тарихи кезеңде көшпелілер қоғамындағы әртүрлі бұйымдарды жасауда «аңдық стиль» атауымен белгілі болған жарқын өнердің дамуы, Еуразия даласы тұрғындарының бейнелеу өнеріндегі феномен болып табылады. Көшпелі ортада өскен шеберлердің қолынан шыққан заттар өзіндік қайталанбас бейнесі және сюжеттік қырымен ерекшеленеді.

Бұдан басқа қолданбалы өнер шеберлері сүйек пен мүйіз ұқсату ісін биік деңгейге көтерді. Бұл материалдарды өңдеу – зооморфты өнердегі жергілікті шеберлерді сипаттайтын қырына айналған.

Ерте және дамыған орта ғасырлардағы металл өңдеу туындыларының көркемдік ерекшеліктері синкретизммен сипатталады. Бұл аңдық стилдің сарқыншақтары, ғұн кезеңінің полихромды бұйымдарының қатаң геометриялық ұстанымдары және жаңа заманның көркемдік жетістіктерінің үйлесімді қолданыста болуынан көрінеді.

Бірегей экспонаттар залы – археологиялық құнды жәдігерлер арқылы өлкемізде мекен еткен тайпалардың болмысы мен жоғары дамыған қолданбалы өнерінен көрсетеді.