Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында қазақ халқының азаттығы үшін күрескен батыр, тарихи тұлға Сапура Мәтенқызы туралы тарихи құнды деректерді, батыр қыз қозғалысының болған жерлерімен жүріп, зерттеп, жинақтап онымен кеңінен танысу мақсатында Қобда, Ойыл аудандарына тарихи-танымдық экспедициясы өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған экспедиция құрамында Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова бастаған, экспедиция жетекшісі, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының бас инспекторы Жандос Еспанбетов, ақын, публицист, жазушы Мейірхан Ақдәулетұлы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Журналистер одағының мүшесі, айтыскер ақын Нұрлыбек Қалауов, өлкетанушылар Құдайберген Тұрдалин, Есболай Пікіров, Жібек Абдуллина, Исламғали Бітік, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Гүлжайнар Қалдина және облыстық тарихи-өлкетану музейі Қобда аудандық бөлімінің меңгерушісі Гүлбаршын Ерғалиева мен Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің директоры Балқия Рысбаева болды. Айта кетсек, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшылығы экспедиция мүшелерінің жұмысына сәттілік тілеп, үлкен қолдау көрсетті.

Облыс орталығынан шыққан экспедиция мүшелері алдымен батырлар мекені — Қобда ауданына аялдады. Аудан басшысы Б.Құлов алдағы уақытта елдің батыр қызына арналған барельеф орнатылатынын айтты. Бұдан кейін экспедиция Көк үй ауылына жол тартты. Мұнда Қиыл өзені жағалауына, Қобда өзенінің Елекке құяр тұсына, Досалы сұлтан мен Айшуақ ханның қоныстарының аумағына барды. Бұл — осыдан тура 245 жыл бұрын Сапура Мәтенқызының қозғалысы болған жер. Экспедиция мүшелері Жиренқопа ауылындағы Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне, Ойыл ауданындағы батыр қыздың әкесі Мәтеннің қонысы болған Мәтентөбе жеріне барып, тағзым етті.

Сапар барысында экспедиция мүшелері көргендерін суретке түсіріп, деректермен танысты. Батыр қыздың тарихта алар орны ерекше екенін айтып, оның өшпес ерлігі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Экспедиция жұмысына қолдау көрсеткен қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасоваға экспедиция мүшелері ризашылықтарын білдірді.

Дайындаған: С. Ұлықпанов