Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

АҚТӨБЕ МУЗЕЙІ — «ҮЗДІК ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ» АТАНДЫ

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына — 2021» онлайн фестивалі өткен болатын. Республикалық фестиваль қорытындысында облыстық тарихи-өлкетану музейі «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, облысымыздың мерейін үстем етті.  

Байқау шарттары бойынша бақ сынасқан музейдің фестивальге 2019-2021 жылдардағы негізгі кәсіби жетістіктері жөнінде портфолио, слайд және атқарылған жұмыстар бағытында бейнематериал дайындалып жіберілді. Фестиваль қорытындысында қазылар алқасы музей жұмысын жоғары бағалады.

Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Көкшетау төрінде өткен салтанатты шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары музей директоры Мейрам Дүйсенғалиді ұжымның осынау үлкен марапатымен құттықтап, Мәдениет және спорт министрлігінің атынан арнайы Дипломы және ақшалай сыйлығын табыстады.

Айта кетсек, «Рухани қазына — 2020» республикалық байқауында музей «Үздік мемлекеттік музей сайты» номинациясын иеленген болатын.

Музей ұжымын жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!