Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

"Абай - замана заңғары"

09-08-2021

Толығырақ...

Мұсылманшылықтың тұтқасы

27-07-2021

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Құрметті музейге келушілер!

Шектеу жағдайларына байланысты сіздерді облыстық-тарихи өлкетану музейін қарау ережелерімен танысуларыңызды сұраймыз.

Біздің қызметкерлеріміз бен келушілердің қауіпсіздігі басты қағидамыз болып табылады. Музейге келуге жоспарлағанда келесі ережелер мен кеңестерге назар аударуларыңызды сұраймыз:

  • Міндетті түрде тыныс алу қауіпсіздігіне арналған заттарды қолданыңыз.
  • Музейдің кіреберісінде залалсыздандыру құрылғылары орнатылған.
  • Музейде қызметкерлер мен келушілердің дене қызуы арнайы термометрмен тексеріледі.
  • Егер соңғы 2 аптада сізде респираторлық ауру белгілері болса немесе СОVID-19 вирусымен ауырған адаммен бацланыста болсаңыз өтініш, үйде болыңыз!
  • Егер дене қызуын тексерген кезде 37 градустан жоғары болып немесе ауру белгілері байқалса музей сізге қызмет көрсетпеуі мүмкін.
  • Сіздің отбасы мүшелері болып табылмайтын адамдардан 1,5 метр ара қашықтықты сақтаңыз.
  • Өтініш, музей баспалдақтарын пайдаланыңыз. Лифт тек қана мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.
  • Дәретхана бөлмелері мен жиі пайдаланылатын жоғары жақтар күнделікті залалсыздандырудан өтеді.

Сізге ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін музей сізге бар мүмкіндікті жасайды. Қызмет көрсету кезінде шамалы уақыт күтіп қалсаңыз оған түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Өтініш, біздің қызметкерлерге жолығыңыз, олар сіздің барлық сауалдарыңызға жауап береді.

 

«Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК -да болу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ереже

Осы қағидалар «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК (бұдан әрі – Музей) болу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және Музей аумағында болатын барлық адамдардың міндетті түрде орындауына жатады.

Музей аумағына: автотұрақ, кіреберіс аумағы жанындағы вестибюль, киім ілетін аймақ, кірме дәліздер, баспалдақтар, лифті, көрме залы мен экспозициялық залдар, мәжіліс залдары, әжетхана бөлмелері жатады.

Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалардың жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі қолданыстағы заңмен және Музейдің желілік нормативтік актілерімен айқындалады.

Музей келушілер үшін дүйсенбіден басқа, 1,2,3 қаңтарды есептемегенде демалыс және мереке күндері күн сайын ашық.

Әр айдың соңғы жұмасы санитарлық күн болып табылады әрі сол күні келушілер үшін қысқартылған күн.

Музей жұмысының басталу және аяқталу уақыты:

- ресми сайтта (aqtobe-museum.kz);

- инстаграм парақшасында aqtobe_ muzei

- кіру аймағындағы ақпараттық- анықтамалық тасығыштарда көрсетілген.

Музейге кіру билеті билетте көрсетілген күнге бір реттік келу құқығын береді.

Шұғыл кері оралу жағдайы туындаған кезде келуші Музейге қайта кіру тәртібін келісу үшін әкімшілікке жүгінуге міндетті.

Пайдаланылмаған кіру билеті, қызмет көрсету билеттері кассаға кері қайтарылуы мүмкін.

Кіру билеті, қызмет көрсету билеті пайдаланылмаған жағдайда ақшалай құнын кері қайтару тек кіру билеті пайдаланылмағанын дәлелдейтін келушінің жеке өтініші және Музей әкімшілігінің билеттегі (немесе түбіртектегі) қолының негізінде, жеке басын растайтын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Әуесқой фото мен бейне түсірілімдер түсірe үшін алынған билетті кері қайтару жоғарыда келтірілген тәртіппен, кіру билеті пайдаланылмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Музейге келушілер: Музей ашық болған күні және сол сағатта ұйымдасқан кезек тәртібімен кассадан кіру билетін алуға міндетті. Келуші Музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын орындауға ұқыптылықпен қарауы қажет.