Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Подробнее...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Подробнее...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Подробнее...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Подробнее...

Виртуальный музей

Яндекс.Метрика

 

"Ғылым биігіндегі тұлғалар" тақырыбындағы көрменің ашылуы өтті

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай өткізілетін  "Ғылым биігіндегі тұлғалар" тақырыбындағы көрменің ашылуы өтті.

25 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай «Ғылым биігіндегі тұлғалар» тақырыбында облыс пен республиканың ғылымына, мәдениеті мен өнеріне, медицина және өнеркәсіптің дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі зерттеушілердің еңбек жолдарын насихаттауда көрме ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Ғылым биігіндегі ақтөбелік тұлғалардың ұлы есімдерін кеңінен таныту. Өлке тарихын біле отыра, зерттеу жолындағы ғалымдардың ұлағатты еңбектерін насихаттау арқылы ізгілендірілген қоғамдық өмірге ілесе алатын, бәсекеге қабілетті ойшыл, шығармашыл жаңа ұрпақты қалыптастыру. Тұлғаларымыздың тарихтағы алар орнын ұғындырып, еңбексүйгіштікке жастардың құштарлығын арттыру.

Көрме экспозициясына өңірімізде әр салада еңбек еткен ғалымдар, зерттеушілердің жеке тұтынған заттары, еңбектері және мемлекеттік марапаттары қойылды. Олардың қатарында: өнер-табыс, республикалық және халықаралық деңгейдегі патенттері, алғашқы кең орындарын ашушыларының жетістіктерінен тарихи құжаттар және суреттер бар.