ISBN 978-601-80280-6-9
«Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары
«Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағына түркі халықтарының эпикалық мұрасын, «Қобыланды батыр» жырының тарихи-мәдени, көркемдік және ғылыми маңызын зерттеуге арналған мақалалар енгізілді. Жинақта жырдың ұлттық және жалпы түркілік кеңістіктегі орны, нұсқалары мен мәтіндік ерекшеліктері, қаһармандық тұлға бейнесі, эпикалық дәстүр сабақтастығы, жыршылық өнер, мифопоэтикалық және дүниетанымдық қабаттар, фольклорлық мұраны сақтау, зерттеу және қазіргі мәдени ортада жаңғырту мәселелері қарастырылады. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері түркі халықтарының ортақ рухани құндылықтарын салыстырмалы және пәнаралық тұрғыдан пайымдауға бағытталған.
Жинақ фольклортанушыларға, әдебиеттанушыларға, түркологтарға, мәдениеттанушыларға, жоғары оқу орны оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, сондай-ақ түркі халықтарының рухани мұрасына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.
Басылымды жүктеу
|
«Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы – Ақтөбе: «ПринтА» баспасы, 2026. – 270 бет.
|










