Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

«Животный мир Актюбинской области»

3 маусым күні экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсия жүргізушісі Самат Искендировтың ұйымдастыруымен балаларға арналған «Животный мир Актюбинской области» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты – жасөспірімдерді Ақтөбе облысының жануарлар дүниесімен таныстыру, өңірдің биологиялық алуантүрлілігі туралы білімдерін кеңейту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар Ақтөбе облысының аумағында мекендейтін жануарлардың түрлері, олардың тіршілік ету ортасы, қоректену ерекшеліктері мен табиғаттағы маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар дәрісте өңірімізде кездесетін сирек және жойылып кету қаупі бар жануарлар туралы кеңінен айтылып, Қазақстанның Қызыл кітабына енген ақбөкен, қарақұйрық, дала қыраны және басқа да сирек кездесетін жануарлар мен құстардың түрлері таныстырылды.
Танымдық кездесу балалардың туған өлкенің табиғаты мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығын арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың бірі болды