17 маусым күні экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің экскурсия ұйымдастырушысы Тәжіғали Исламның ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «Сұңқарқия шоқысы – табиғат байлығы» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Дәрістің мақсаты – оқушыларды Ақтөбе облысындағы бірегей табиғи нысандардың бірі саналатын Сұңқарқия шоқысының ерекшеліктерімен таныстыру, туған өлкенің табиғи мұрасына деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру болды. Дәріс барысында қатысушыларға Сұңқарқия шоқысының географиялық орналасуы, табиғи-ландшафтық ерекшеліктері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар шоқының өңірдің табиғи мұрасы ретіндегі маңызы, оның экологиялық және ғылыми құндылығы жөнінде айтылды.
Дәріс барысында оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымдық дәріс жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жердің табиғи байлықтарын танып-білуге және оларды қорғауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
