Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Подробнее...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Подробнее...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Подробнее...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Подробнее...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Подробнее...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Подробнее...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Подробнее...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Подробнее...

Путеводитель

Виртуальный музей

Яндекс.Метрика

 

«Темірбек Жүргенов — Түркі әлеміне ортақ тұлға» атты дөңгелек үстел өтті

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Темірбек Жүргенов — Түркі әлеміне ортақ тұлға» атты дөңгелек үстел өтті.

Биыл Темірбек Жүргеновтың туғанына — 125 жыл. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық аймағында мерейтойы атап өтіледі.

Сондай-ақ, ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен Түркі әлемінде 2023 жыл — Жүргенов жылы болып жарияланды.

Жергілікті ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің айтуынша, Ахмет Байтұрсынов, Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров және Өзбекәлі Жәнібеков қазақ мәдениетінің төрт тұғыры болған. Олар түрлі кезеңде, әртүрлі саяси жүйелер жағдайында ұлт мәдениетінің көтерілуіне, қазақ елінде білім мен ғылымды дамыту үшін аянбай еңбек етті.Т.Жүргеновтің тікелей араласуымен Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Оның тұсында қазақ мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне ерекше көңіл бөлінді.

Шарада белгілі өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай қоғам қайраткерінің өнегелі өмірі мен еңбек жолына кеңінен тоқталып, әңгімелеп берді. Сонымен қатар жиналған қауым Т.Жүргенов жайлы деректі фильмді тамашалап, қоғам қайраткерінің бөлесі Әбдісағи Мүтәлиев естен кетпес естеліктерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге өлкетанушылар, тарихшылар, кітапханашылар және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің студенттері қатысты.