Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Подробнее...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Подробнее...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Подробнее...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Подробнее...

Путеводитель

Виртуальный музей

Яндекс.Метрика

 

БАСПАСӨЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ

«Шолпы» қыз балалар клубының ұйымдастыруымен «Еліміздегі баспасөз қызметінің орны» атты танымдық кездесу өтті.

Шарада «Шолпы» клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай жалпы баспасөз бен баспасөз қызметкерінің қоғамдағы рөліне тоқталды. Облыстық «Ақтөбе» газетінің жауапты хатшысы Мұратбек Ержақып өзі еңбек ететін, ғасырлық тағылымды тарихы бар басылымның өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде алар орны туралы айта келе, шығармашылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Белгілі журналист Бақыт Жаншаева, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінің қызметкері Жадыра Сағидоллақызы, қаламгер Еркін Дінахметов баспасөздің қоғамдағы орны туралы өз ойларымен бөлісті.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жоғары колледжінің бір топ студенттері баспасөз туралы өлеңдер оқып, музей директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.