Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Подробнее...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Подробнее...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Подробнее...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Подробнее...

Путеводитель

Виртуальный музей

Яндекс.Метрика

 

ЕР ЕРЛІГІ – ЕЛІ ҮШІН!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановтың туғанына (1925-1945 жж.) 100 жыл толуына арналған «Ер ерлігі елі үшін! Одерфельд деревнясындағы қанды шайқас» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Танымдық кездесуді облыстық музейдің Қобда бөлімі мен «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімі ұйымдастырып өткізді.

Кездесуге И.Білтабановтың немере інісі, еңбек ардагері Серікқали Ысқақұлы Білтабанов, КСРО Азаматтық авиация саласының ардагері, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, І-класты ұшқыш Зұлқарнай Нұрғалиұлы Башпай, ҚР Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Бауыржан Құттымұратұлы Молдабаев және жас сарбаздар, батырдың өзге де туыстары, музей қызметкерлері қатысты. 

Иманғали Білтабанов 1925 жылы қазіргі Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қосөткел ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан жастайынан айырылып, ағасының қолында тәрбиеленіп, бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ұжымшардың мал бригадасында жұмыс істеген.

1943 ж. әскерге шақырылып, майданда 289-Нарва атқыштар полкі құрамында шайқасқан.

1945 жылғы 25 каңтарда бip күнгі ұрыста И.Білтабанов 58 фашистің, ал Одерфельд деревнясы үшін ұрыстарда бip апта ішінде 120 гитлершілердің көзін жойған. Осы ұрыстарда ауыр жарақаттанып, қаза тапқан.

Одер өзені бойындағы ұрыста көрсеткен epлігі мен батырлығы үшін КСРО Жоғарғы Keңeci Президиумының 1945 жылғы 10 cәуіріндегі Жарлығы бойынша Иманғали Білтабановқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.