Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

"Абай - замана заңғары"

09-08-2021

Толығырақ...

Мұсылманшылықтың тұтқасы

27-07-2021

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Археология залы

Археологиялық ескерткіштер – құнды заттай деректер, оларды зерттеу арқылы өткен тарихи кезеңдердегі Ұлы даланың кеңістігін қоныстаған көптеген тайпалық одақтар, олардың құрған мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің белгісіз беттерін ашуға қол жеткіземіз. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының аумағында тіркелген археологиялық ескерткіштердің саны бірнеше мыңдап саналады. Бұлардың қатарына көне тұрақтар мен қоныстар, қорымдар мен обалар, тасқа қашап түсірілген суреттер, ежелгі кең өндіру орындары, және басқада ескерткіштердің түрлері жатқызылады.

Археология залында музей қонақтары өңір археологиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым-зерттеушілер, сонымен қатар тыңғылықты ізденіс жұмыстары барысында табылған ежелгі дәуірлерден бастап жаңа заманға дейінгі кезеңдерге жататын түпнұсқа олжалармен таныса алады.

Археология залы тас дәуірінен бастап ортағасырларды қоса қамтитын өлкемізде түрлі, өзіндік қайталанбас өркениетін қалыптастырған ежелгі қауымдастықтардың тарихы мен мәдениетінен кең көлемде сыр шертетін он тақырыптық экспозициядан тұрады.