Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

"Абай - замана заңғары"

09-08-2021

Толығырақ...

Мұсылманшылықтың тұтқасы

27-07-2021

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«1945-1991 жж. Ақтөбе өлкесінің тарихы» залы

Тұрақты экспозициялық залдың тақырыптары Ақтөбе облысының 1945-1991 жылдар аралығындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуы туралы баяндайды.
Ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласының дамуы жағынан облыс республикадағы жетекші орындарға шықты. Көптеген жерлестеріміз Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.
Дүниежүзіне танымал, әр саланың көрнекті ғалымдары да Ақтөбе жерінің мақтанышы. Олардың қатарында Т.Бәсенов, И.Қарақұлов, С.Бәйішев, Қ.Мәкіров, Б.Сүлейменов, А.Қуанышев, С.Балмұқанов, Р.Сыздықова, Ә.Нұрлыбаев, Ә.Тәкенов, М.Төлегенов, т.б.
Еліміздің мәдени өмірінде елеулі із қалдырған өнер саңлақтары қазақтың тұңғыш кәсіби композиторы, академик А.Жұбанов пен шығыс қыздары арасынан шыққан тұңғыш кәсіби композитор, профессор Ғ.Жұбанова, қазақтың тұңғыш биші-балеринасы Н.Тапалова, әнші Р.Жаманова, актрисалар А.Ружева мен Б.Жанғалиева.
Халық ақыны, жырау Н.Байғанин, М.Құрманалин, І.Мәмбетов, С.Жиенбаев, Е.Дүйсенбаев, Ғ.Ахмедов, Т.Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев, Ө.Қанахин, Т.Жармағамбетов, т.б. көрнекті ақын-жазушылардың еңбектері мен тұтынған бұйымдары қойылған.
Зал экспозициясында Қазақстанды ширек ғасырға жуық басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапарлары туралы, облыстың І-хатшылары туралы деректер көрсетілген.
Әскери қайраткерлер – Т.Жалмағамбетов, К.Жұмабаев, К.Серікбаевтың Қазақстанның әскери өнеріне қосқан үлестері орасан зор.
«Ғарыш» экспозициясы ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры В.Пацаев және қазақтың ғарышкерлері туралы мәліметтер береді. 1984 жылы музей қоры Мәскеуде арнайы жасалған «Союз-11» және «Солют-6» ғарыш кемелерінің макеттерімен толықты.