Актюбинский областной
ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКИЙ
МУЗЕЙ

  

Афиша

Prev Next

Музей түні - 2024

15-05-2024

Подробнее...

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Подробнее...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Подробнее...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Подробнее...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Подробнее...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Подробнее...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Подробнее...

День открытых дверей в ночное время

19-10-2023

Подробнее...

Путеводитель

Виртуальный музей

Яндекс.Метрика

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

23-24 қарашада облыстық тарихи-өлкетану музейі және ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Марғұлан атындағы Археология институты бірлесіп, «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырады.
Шараның басты мақсаты — отандық және шетелдік ғалымдардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі ғұн тайпалары мәдениетін зерттеудегі жетістіктерін көпшілікке жеткізу.
Конференция жұмысында ғұн кезеңі ескерткіштерін зерттеу, Халықтардың Ұлы қоныс аударуы дәуіріне қатысты жаңа археологиялық ашулармен байланысты сұрақтар қарастырылып және ғұн дәуірін зерттеу перспективалары мен өзекті мәселелері талқыланады.
Конференция жұмысы аясында ауқымды мәдени бағдарлама жоспарланған. Оның ішінде Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары музейлерінің қорынан ғұн-сармат кезеңі бұйымдарынан жылжымалы көрме ұйымдастырылып, сонымен қатар Елек І кездейсоқ табылған материалдары негізінде ғұнның костюмі, қару-жарақ және ат әбзелі жиынтықтарының ғылыми-көркемдік және заттай қайта жаңғыртпасының ашылуы өтеді.
Ғылыми шараға Қазақстанның, Түркияның, Венгрияның, Монғолияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Қырғызстанның жетекші тарихшылары, археологтары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері қатысады.
Тарихи сәтті бірге тамашалайық! Қапы қалмаңыздар!
Өтетін орны: «Аmanat» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимараты.
Тургенев көшесі, 86, 2-қабат, күмбезді зал.
Уақыты: 23-24 қараша, сағат 9:00.