«Жалпы тарих, археология және этнография» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің ғылыми қызметкерлері Уразмагамбетов Н.Н және Боранбаева А.Қ., Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 6-8 сынып оқушыларына "Өлкемнің тарихи жәдігерлерінің құндылығы" тақырыбында лекция оқыды.
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЛЕКЦИЯ
5-қаңтар күні «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Айман Тауман «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы: ғұн тайпалары» және «Ақтөбе өлкесі ХХ ғасыр басында» тақырыптарында мектеп оқушыларына музей залдары бойынша лекциялар оқыды.
Тақырыптық дәріс
Тас дәуірі: Төлебұлақ үңгірі
Экскурсовод Жүсіп Нүрия
Ақтөбе қаласы негізінің қаланғанына 155 жыл толуына орай «1869-1940 жж. өлке тарихы» экспозициялық залына «ХІХ-ХХ ғасырлардағы Ақтөбе өлкесі» атты тақырыптық лекция жүргізілді.
Лекцияны «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Айман Тауман «BILIM» мектеп-гимназиясы ұстаздары мен оқушыларына жүргізді.
5-желтоқсан күні «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Айман Тауман «BILIM» мектеп-гимназиясы оқушыларына Қазақ хандығы тақырыптық залының экспозициялары бойынша «ХV-ХVІІІ ғасырлардағы Кіші жүздің тарихи тұлғалары» лекциясын оқыды.
«Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері Фархад Мұстафин Жошы ұлысының 800 жылдығына орай Қазақ хандығы тақырыптық-экспозициялық залы бойынша музей келушілеріне «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында лекция жүргізді.