Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

"Ақыл-ойдың шамшырағы" атты әд…

05-08-2024

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

19-07-2024

Толығырақ...

"Выдающий геолог, крупный ученый-не…

24-06-2024

Толығырақ...

Музей түні - 2024

15-05-2024

Толығырақ...

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» Ахмет Байтұрсынұлы

17 ақпан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде азаттықтың алғашқы қоңырауы болған «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» - атты тарихи-танымдық шара ұйымдастырылып өткізілді. Қазақ даласының түгелге дерлік көзі ашық оқыған жұртын бір- біріне жақын қылған, бір жерге топтастыра білген «Қазақ» газетінің іс-шарасы музейдің жас буын қызметкерлері мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақ» газеті- 1918 жыл » - сахналық көрінісімен басталды.

Балалар өздеріне берілген тапсырманы аса бір сезімталдық тамаша орындап шықты. Сонымен қатар сол заманның атмосферасын құру мақсатында музей қорынан ХХ ғасырдың бірінші ширегіне жататын тұрмыстық бұйымдардан көрме жасақталды. Тарихи-танымдық шараның екінші бөлімінде Қазақстанның Құрметті журналисі Идош Асқар, Алаш зиялылары туралы зерттеу жүргізіп жүрген тарихшы-ғалымдар Ұ.Исмағұлов, Б.Мырзабай, Ү.Сарсембин, Д.Сарбаевтар Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынұлының Ақтөбе өңірінде болған кездері және «Қазақ» газетінің авторлары болған жергілікті Алаш қайраткерлері А.Досжанова, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы туралы тарихи мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар шара барысында «Қазақ» газетінің жалғасы ретінде Алматы қаласынан шығып, еліміздің әр тұсына таратылып жатқан «Qazaq» газеті туралы хабарлама жасалды. Көрермен ретінде қатысушы тарих пәнінің мұғалімдері, оқушылар мен студенттер сұрақтарын қойып, ой бөлісті.