Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Музейде 21 ақпан – Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күні аталып өтті

21 ақпан күні Дүниежүзілік экскурсия жүргізушілер күніне орай салтанатты құттықтау шарасы ұйымдастырылды.

Мақсаты: қазіргі қоғамдағы музей мамандарының, оның ішінде экскурсиялық қызмет көрсететін мамандардың жұмысының маңыздылығы  туралы атап өту, көпшілікке насихаттау. 

Экскурсия жүргізуші – жан-жақтылықты және зерделікті талап ететін шығармашылық мамандық. Сала қызметкерлері бір елдің ғана емес, әлем тарихын, мәдениетін білуі қажет.

Экскурсия жүргізуші - өскелең ұрпақтың өз халқының тарихын, мәдениетін зердесіне түйген отаншыл азамат ретінде қалыптасуы үшін еңбек сіңірсе, ал алыс-жақын шетелден келген қонақтарға қазақ халқының тарихы сонау сақ заманынан бастау алғанын, ата-бабаларымыздан жеткен құнды мұралар мен жәдігерлерді дәріптеуде алар орны ерекше.

Шараның ашылу салтанаты музей директоры М.Дүйсенғалидың алғысөзімен бастау алды. Мейрам Нұрланұлы экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, өз атынан және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисқызының алғыс хаттарымен марапаттады.

Сонымен қатар Қалалық жас туристер стансасының директоры Алена Исламқызы ұзақ жылдардан бері тығыз байланыста жұмыс жасап отырған музей қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

«Visit Актобе» туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары Манат Болатұлы экскурсия жүргізушілерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

Шара барысында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының домбырашысы, күйші Нұрдәулет Қуандықов «Адай» күйін тарту етіп, музей қызметкері Н. Ғаббасов мерекелік шараны әнмен әрледі.

Сонымен бірге экскурсия жүргізушілері мен ғылыми қызметкерлердің музейге келген қонақтар мен қала тұрғындарына жүргізген экскурсияларынан фото-көрме жасақталды.

Салтанатты құттықтау шарасы музейдің конференец-залында өткен зияткерлік «QYZYQTY QUIZ» ойынымен жалғасты.