Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Музейде 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аталып өтті

20 наурыз күні облыстық музейдің экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Музей нұсқаушысы Н.Сарсенова Наурыз мерекесінің өзгешелігін, ерекшелігін айтып, қазақ халқында бұл күні ұлан асыр той болып, ән айтылып, би билеп, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындардың ойнатылатынын айтып өтті.

Музей басшысы М.Дүйсенғали Наурыз мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Шара барысында «Ұлттық ойындарды ұлықтайық!» тақырыбында  музей қызметкерлері арасында қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

Қазақ халқы – ұлттық ойындарға бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, қайсарлықты, тапқырлықты, табандылықты, күш-қуат молдылығын, білек күшін, дененің құрыштай шынығуын қажет етеді. Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен. Олар өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.

Ұлттық ойындарды келешек жастарға дәріптеу, ұлықтау және насихаттау мақсатында қозғалмалы, ой, спорттық бағыттағы, халықтық, ептілік пен дәлдікті қажет ететін ойын түрлерінен, атап айтқанда арқан тартыс, қол күрес, асық ату, ләңгі, тоғыз-құмалақ және шахмат ойындары ойнатылып, бас қор сақтаушы Б.Тұрлыбаева төрелік етті.

Шара соңында музей қызметкерлері наурыз көжеден дәм татып, музейдің үлкендері ақ тілектерін айтып, батасын берді.