Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Аймаханова Гүлсамал Төрединқызымен кезде…

12-02-2024

Толығырақ...

Руханият - ұлттық рухани және дәстүрлә қ…

05-02-2024

Толығырақ...

«Желтоқсанда жалындаған жүректер»

13-12-2023

Толығырақ...

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

22-11-2023

Толығырақ...

"Баласы мен Батақтың атым Сара…

13-11-2023

Толығырақ...

Түнгі ашық есік күні

19-10-2023

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кездесу өтті

14 қараша күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, әнші, композитор Сары Батақұлының 160 жылдығына арналған «Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.

Шараның мақсаты- артына айрықша өшпейтін із қалдырған Сары Батақұлының өміріне  шолу жасау, шығармашылығын насихаттау және өскелең ұрпаққа жеткізу.

ТҮНГІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Республика күніне арналған Түнгі Ашық есік күні өтті. Мерекелік шарада келушілерге музейдің тақырыптық-экспозициялық залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, қолөнер шеберлерінің көрмесі, кітап және фото көрмелері, мүмкіндігі шектеулі жандардың көрмесі және патриоттық әндер топтамасынан караоке кеші, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің «Әлем әуені» атты жылжымалы көрмесі ұсынылып, «Сен білесің бе?» атты викторина ұйымдастырылды.

Әкелер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ең жақсы адам» тақырыбындағы кездесу туралы АҚПАРАТ

Қазақ қоғамында әкенің алатын әлеуметтік орны ерекше. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мен ата-ана институтын нығайту мақсатында Үкімет қаулысымен маусымның үшінші жексенбісі — Әкелер күні болып ресми мереке ретінде белгіленіп, еліміздің мерекелік күндердің тізбесіне енгізілді.

«Әбілқайыр хан: қолбасшы, билеуші және саясаткер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

ХVIII ғ. жоңғар шапқыншылығы тұсында үш жүздің басын қосып, жауға төтеп берген аға хан — Әбілқайыр ханның туғанына 330 жыл толуына арналған ұлы тұлғаның есімін ұлықтау мақсатында 11-12 қазанда көлемді іс-шаралар өтті.

ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

«Руханият» көрме залында 31 мамыр — Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай музей жанындағы «Руханият» танымдық-патриоттық клубының ұйымдастыруымен «Зұлмат заманның зобалаңы» атты тарихи-танымдық шара өтті.

ЖҮРГЕНОВ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған шаралар жоғары деңгейде өтті. 

Шара барысында жиналған қауым «Азаттықтың ақ таңы» мемориалдық кешеніне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Рәсімде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өңірімізде Т.Жүргенов сынды ұлт зиялыларын ардақтау мақсатында атқарылған шараларға тоқталып, қоғам қайраткерлері Орынша Қарабалина, Зейнеп Ахметова, академик Ханкелді Әбжанов Ақтөбе жерінде Жүргеновтің ұлы мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған шаралардың өскелең ұрпақ үшін маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

ТАҒЗЫМ ЕТТІ

31 мамыр — Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих пен тағзым» атты тарихи-танымдық шараның мақсаты — ел тарихында үлкен нәубет кезең болған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беріп, қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым өкілдері мен қарапайым жандардың өшпес ерлігін жастарға үлгі ету.

«ТАРТ КҮЙІҢДІ, ДОМБЫРА!» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

29 маусым күні экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар мен археология және этнография бөлімдері бірлесіп Ұлттық домбыра  күні қарсаңында көненің көзі, ата-бабамыздан қалған баға жетпес асыл мұрасы - қазақтың қара домбырасын насихаттау мақсатында «Тарт күйіңді, домбыра!» атты мерекелік концерттік шара ұйымдастырды.

ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ

«Шолпы» қыз балалар клубының ұйымдастыруымен «Құралайдың салқыны» атты дөңгелек үстел өтті.

Шарада клуб жетекшісі Алмагүл Сарыбай, клубтың кеңес мүшесі  Еркін Дінахметов Құралайдың салқыны туралы тұшымды әңгіме өрбітіп, клубтың кеңес мүшесі Орынгүл Ідірісова "Ақсақ киік", Яссауи даму орталығының ұстазы Балдану Мұратқызы Ақбөкендер туралы аңыздар айтты.

2-бет. Барлық бет саны 8