Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы, «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Раукен Отыншин және аталған ұйымның жауапты хатшысы Нұрмұханбет Дияров музейде болып, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, баспасөз жанашыры Алмагүл Сарыбайды алпыс жасқа толуымен құттықтады. Мерейлі сәтте музей ісін насихаттаудағы ұзақ жылғы еңбегі атап өтіліп, оған Құттықтау хат пен сый-сияпаттар тапсырылды. Сонымен бірге, Алмагүл Сүндетқызына Қазақстан Журналистер одағы мүшелігінің билеті мен «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төсбелгісі табысталды.