Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

 

Poster

«Музей түні-2026»

13-05-2026

Read more...

«Ботай – культура Великой Степи»

23-02-2026

Read more...

Ұлы жібек жолы бойындағы Отырар: ғылым м…

23-09-2025

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылдың 5-қаңтар күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы бағдарламалық мақаласына орай елімізде ХХ ғасырдың 30-50-жылдарындағы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, жазықсыздан жазықсыз құрбан болған ұлт ардақтыларын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Осыған орай Ақтөбе облысында да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі, архивтерде зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым-хатшысы Арман Ержановтың басшылығымен «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Қайрат Талжанов та облыстық мемлекеттік архивінде өлкеден шыққан алашордашылар мен зиялылар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2021-2023 жылдар (үш жылдық) аралығындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде құнды материалдар жинақталып музей қорын толықтыру мақсатында (буклет) ғылыми қорға тапсырылды.