26-қараша күні «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің ғылыми қызметкері, PhD докторант Әлия Шалманова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің І-курс студенттеріне «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» тақырыбында лекция оқыды.
Тақырыптық лекция «Этнография» залының экспозициялары мен музей қорындағы қазақ халқының ұлттық бұйымдары туралы жүргізілді. Студенттер сұрақтар қойып, ұлттық бұйымдар және олардың маңыздылығы, сақталуы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.