«Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері Фархад Мұстафин Жошы ұлысының 800 жылдығына орай Қазақ хандығы тақырыптық-экспозициялық залы бойынша музей келушілеріне «Қазақ хандығының құрылуы» тақырыбында лекция жүргізді.
Лекция барысында хандықтың құрылуы, Керей мен Жәнібек хандардың саяси рөлі, ХV-ХVІ ғасырлардағы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайы, Абат Байтақ кесенесі туралы деректер келтіріліп, экспозициядағы жәдігерлер насихатталды.