Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

Poster

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Read more...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Read more...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Read more...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Read more...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

ЖАҢА ЖОЛДАУ – ЖАС ТАЛАНТТАРДЫ ДӘРІПТЕУ

Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы, Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін төс белгі иегері, Нұр Отан партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жанындағы «Мирас» мәдениетті және тілдерді дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы, мәдениет саласының ардагері.

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы шешендікпен айтылып, жағымды дауыспен жеткізіліп, байыпты баяндалып, түсінікті сөйленіп, нақты іскерлікпен ерекшеленіп, халық қамына арналып айрықша көкейдегі жүрген көп ойды дөп басқан Жолдау болғанымен маған ұнады. Бұл жолдаудың сәтті жүзеге асуын және ондағы жоспарлар мен бастамаларды толық қолдаймын!

Бүкіл Қазақстан халқы мықты, әрі әділ, озық мемлекет құру үшін, ҚР нығайту үшін бір ел болып, Тәуелсіз 30 жыл бойы ерен еңбек етуде. Солардың ішінде мәдениет, өнер салаларында патриоттықпен қызмет етіп жүрген мәдениет, өнер қызметкерлерінің еңбегі ерекше.

Президент Қ.Ж.Тоқаев өз Жолдауында жас, әрі дарынды мүсіншілер, суретшілер, актерлар, музыка, театр қызметшілері, қаламгерлер жаңа жанр түрлерін игеріп, өнер саласында көп, ұдайы ізденуде және жақсы нәтижелерге жетуде. Бірақ олар көмекті, дәріптеуді меценаттардан күтуде, солар арқылы танылуда. Мемлекет тарапынан елеусіз қалуда. Сондықтан, үкімет пен сарапшылар жаңа мәдениетті, оның дарынды өкілдерін дәріптеуге арналған нақты шаралар жоспарын жасау керек деп тапсырма берді және ол жоспар жыл аяғына дейін дайындалып болуы тиіс. Мәселе мынада, саясат мынада. Біз кезінде Құрманғазы деген күйшіміз, Күләш деген әншіміз, Шара деген бишіміз, Қастеев деген суретшіміз, Наурызбаев деген мүсіншіміз, Әзербайжан Мәмбетов деген режиссеріміз, Ғазиза Жұбанова деген композиторымыз бар болды деп мақтандық, оларды лайықты дәріптедік. Ол рас, дұрыс. Бірақ, болды. Енді қазақ атын, елдің атын шығаратын жас таланттар, тәуелсіз Қазақстанның дарындылары қажет деп отыр. Енді осы заманның, қазіргі кезеңнің күйшілері, әншілері, бишілері, театр, музыка қайраткерлері, мүсіншілері, суретшілер, жаңа мәдениетті жасаушылар қажет. Енді, атам күйші, анам әнші, әкем музыкант, ағам мүсінші, апам суретші болды – деп мақтануды емес, балам – күйші, қызым – биші, ұлым – мүсінші, кенжем – композитор – деп мақсат қойып, мақтану қажет екенін айтып отыр. Жаңа мәдениет жасауға, жаңа талантты өнер, мәдениет өкілдерін шығаруға тапсырма беріп отыр. Бұл ұлы мақсатты орындау мәдениет, өнер қызметкерлерінің басшыларының маңызды, игілікті ісі болуы, абыройлы міндет. 

Жас таланттарды шығару үшін Ақтөбеде облыс әкімдігінің қаражат қолдауымен облыстық мәдениет басқармасы өткізген халықаралық «Бақытты бала» ән байқауы сияқты бағдарламалар негіз бола алар еді. Әрине, ол үшін мемлекеттік қолдау қажет, жағдай туғызу керек. Мәдениет, өнер адамдарына сапалы білім беру міндет. Мұндай қамқорлықты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасап отыр. 

Дайындалып жатқан «Әлеуметтік кодекс» соның көрінісі. Заңда, қоғамда өзгеруде, адамның санасы да өзгеруі рухани жаңғыруы тиіс. Оны жүзеге асырушылардың бірі, өз мәдени қызметімен өзгеріс жасаушылар – мәдениет, өнер адамдары, шығармашыл зиялы қауым. Президент Қ.Ж. Тоқаев өз жолдауында зиялы қауым өкілдерінің қоғамдағы ерекше орнын, рөлін атап көрсетті, ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге отырғызған. Арисизостократо – деген сөз бар – достойно стоящее передней шеренге – алдыңғы қатарда лайықты орында тұрғандар – деген . Міне, осы алдыңғы қатарда тұрғандар зиялылар. Асыл сөз, мол, терең ақыл айтып, бұқара көпшілікті соңынан ертіп, Президент бастамасын қолдап, өркениетке жетелейтін авангард топ.

Қазіргі жаһандану, ғаламтор заманында зиянды әдебиет, музыка, сурет, ақпарат әсері толқындап, тасқындай соғып, жас ұрпақтың санасын улап жатырғанын білеміз. Бұл – аса қатерлі үрдіс. Дәл осы кезеңде ұлт зиялыларының ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды – деп көрсетті Тоқаев. Ендеше, шетелден келетін зиянды, улы, әсерлерді сүзіп алып тастап, пайдалысын алатын «ішкі сүзгі» қажет. Шәй құйғанда құрметпен, сыйлап, шамбасын жібермей, қонаққа сүзгімен қоңыр шәй құямыз. Міне – сол сияқты жастар санасына, жүрегіне зиянды пиғыл ақпаратты, мәдениетті жібермей сүзіп алып қалатын «ішкі сүзгі» қажет. Адамзатқа қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру – басты міндет. Сондықтан, зиялыларды, үлкендерді, ақсақалдарды ел болашағына, жастарға әсер ететін әрбір мәселеден шет қалмауға шақырды. Бұл шығармашыл интеллегенцияның да маңызды міндеті, осыған өз үлесімізді қосуымыз керек.

Президент Қ.Ж. Тоқаевтың 5 бастамасының бірі – мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, шаруашылық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілердің және басқалардың жалақысын 2022 жылдан 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20 % өсіру. Бұл 600 мыңдай адам игілігін көретін бастама. Біз бұл бастамаға ризамыз, алғыс айтамыз. Қазір Ақтөбе облысының мемлекеттік мәдениет мекемелерінде 3200 адам жұмыс жасайды. Олардың жалақысы орта есеппен 116,7 мың теңге. Ал, 20 % өсетін болса, орташа жалақы 140 мың теңгеге жетеді. Бұл деген Президенттің мәдениет саласын назарда ұстауы және қызметкерлерге қамқорлығы, яғни мәдениет қызметкерлерінің тұрмысы жақсарады. Көңіл-күйі көтеріледі. Сонымен қатар, олардың тұрғын үй бағдарламаларына «отбасы банкі» шараларына қатысу – баспаналы болу мүмкіндіктері ұлғаяды. Бұрын жалақысы аз мәдениет қызметкерлерінің тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үйлі болу мүмкіндіктері төмен еді. Ал үйлі болатындар көлденең табыс табатын асабалар мен әншілер еді.

Қазақ мемлекеті мәдениет, өнер мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайларын жақсарту шараларын жүйелі жүзеге асыруда. Ақтөбе облысында қазір барлығы 473 мемлекеттік мәдениет, өнер мекемелері халыққа қызмет етуде. Тәуелсіздік жылдары 27 мәдени нысан салынып, іске қосылды. Бірнеше аудандық, ауылдық мәдениет үйлері, көптеген ауылдық клубтар, кітапханалар, музейлер жөнделді. Мәдениет мекемелерінің саны өсті, қызметкерлері көбейді, бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды. Ақтөбе облыстық архив ғимараты күрделі жөнделді, оны Мәдениет Министрі Ақтоты Райымқұлова келіп көріп, жоғары бағалады. Жаңадан көп қабатты Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ғимараты салынып, іске қосылды. Музей заманауи жиһаздармен, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жаңа талаппен залдар экспозициялары жасалды. Музейдің ғылыми-экспедициялық, археологиялық, этнографиялық бастамалық жұмыстарына өңір басшысы О.Оразалин ұйымдастыру және қаржылай мықты қолдау көрсетуде. Археологиялық жұмыстар нәтижесінде, Алтын адам, алтын семсер, құнды экспонаттар, әшекей бұйымдар табылып, экспозицияға қойылды. Ақтөбе облыстық музейін Мәдениет министрлігі республикадағы «Үздік музей» деген мәртебе атақ беріп, бағалап марапаттады.

Облыстық мәдениет, өнер мекемелерінде мемлекеттік тіл 100% қолданылуда. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, халқымыздың мәдени-өнер мұраларын сақтау, дамыту жолында дәстүрлі ән, күй, терме, дастан, жыр,айтыс, жанрларын дамыту, насихаттау мақсатында байқаулармен жыр кеш- концерттерін жүйелі өткізілуде.

Мәдениетсіз – қоғам, мемлекет, халық болмайды. Халық мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен бөтендерден ерекшеленеді. Мәдениетті сақтау, дамытуды Президент Қ.Ж.Тоқаев айрықша атап көрсетіп, жаңа мәдениет жасауды, жас таланттарды шығарып, дәріптеуді тапсырды. Тапсырманы орындау жолында мәдениет қызметкерлері Президент Қ.Ж.Тоқаев тұжырымдаған қорытындыдай ынтымақпен, бірлікпен, ауызбіршілікпен жолдау тапсырмаларын орындауға, көздеген мақсаттарға қол жеткізеді.