Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

Poster

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Read more...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Read more...

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Read more...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Read more...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

МОНОГРАФИЯНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Тарих ғылымдарының докторы, доцент, белгілі этнограф-ғалым Рахым Бекназаровтың @beknazarov_rakhym авторлығымен орыс тілінде жарық көрген «ХІХғ.-ХХғ. басындағы Солтүстік Арал маңы қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға тарихшы-ғалымдар, өлкетанушылар және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің @zhubanov.university магистранттары мен докторанттары қатысты.

Сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова @altynai_yunisovna , өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, тарихшы-ғалымдар Ұзақбай Исмағұлов, Дәулет Әбенов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы Роман Рахиев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің деканы Гүлмира Көпенова, музей директоры Мейрам Дүйсенғали @duisengali_meiram , аталған музейдің аға ғылыми қызметкері Қонысбай Рахбаев @rakhbaevkonysbai ғалымның ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жарық көрген монографиясының мазмұны құнды тарихи деректерге толы екенін ерекше атап өтті.

Еңбек XIX–ХХ ғ.ғ. басындағы Солтүстік Арал маңы қазақтарының тарихы мен мәдениетіне арналған тарихи-этнографиялық зерттеу болып табылады. Көшпелі шаруашылықтан жартылай көшпелілікке және отырықшылыққа көшу кезеңіне баса назар аударылған. Мәдениеттану, ескерткіштану және пәнаралық байланысты, этнографиялық және тарихи дереккөздерді зерттеуге бағытталады. Еңбек ғалымның далалық этнографиялық зерттеулері, сондай-ақ архивтік-библиографиялық, тарихнамалық ізденістері негізінде жазылған.

Кітап «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын Ақтөбе облысы бойынша 2022 жылы жүзеге асыруға арналған Жол картасы бойынша «Ғылыми, тарихи және мәдени басылымдарын әзірлеу, баспадан шығару» жобасы аясында жарыққа шығарылды.

Облыстық мәдениет басқармасының @aqtobe.madeniet қолдауымен, музейдің тапсырысымен жарық көрген монография облыстық, аудандық, сонымен қатар жоғары оқу орындарының, республикалық және ғылыми-зерттеу институттары мен академиялық кітапханаларға таратылады.