Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

 

Poster

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Read more...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Read more...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

«Музей қорын қалыптастыру, есепке алу, сақтау, пайдалану» атты семинар-практикум өтті

Облыстық, аудандық музейлердің қор бөлімі қызметкерлеріне арналған «Музей қорын қалыптастыру, есепке алу, сақтау, пайдалану» атты семинар-практикум өтті.

Қор бөлімі қызметкерлерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған шара барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Анайы Құрманова семинардың маңыздылығына тоқталды. Бас қор сақтаушы Базаргүл Тұрлыбаева, қор бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Ғаббасов, қор сақтаушы Гүлжан Шоққарина қор жұмысын нәтижеге бағыттауда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен жетістіктері, «Saqtau» жүйесіне өзгеріс енгізу, жетілдіру жолдары мен бағдарламаның тиімділігі туралы айтып, реставратор, зергер Болат Атыраубаев күміс, экспозиция бөлімінің меңгерушісі Орынбасар Төлегенов қыш бұйымдарына реставрация жасалу жолдарын көрсетті.

Сонымен қатар сектор меңгерушісі Жаңылған Данабаева музей қорында экспонаттардың дұрыс орналасуы мен сақтау ерекшеліктері, қор сақтаушы Бейбіт Отарбай нумизматика коллекциясын түгендеу тәртібі және сектор меңгерушісі Айгүл Кадыльчина музей қорын есепке алуды жүйелі жүргізу жолдарын түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар музейдің қор бөлімі жұмысы және ондағы коллекциялармен танысып, маңызы зор шараны ұйымдастырған қор бөліміне алғыстарын білдірді.