Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

 

Poster

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Read more...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Read more...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

ТАҒЗЫМ ЕТТІ

31 мамыр — Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих пен тағзым» атты тарихи-танымдық шараның мақсаты — ел тарихында үлкен нәубет кезең болған ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беріп, қуғын-сүргінге ұшыраған зиялы қауым өкілдері мен қарапайым жандардың өшпес ерлігін жастарға үлгі ету.

Шараға қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары және М.Арын атындағы Қарғалы орта мектебі алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі М. Назаровтың "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының оқушылары қатысты.

Түйетөбе басында өткен шарада «Аманат» экспедициясының жетекшісі Жібек Абдуллина, музейдің аға ғылыми қызметкері Нұрсәуле Сансызбай және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары бұл нәубеттің ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Жиналған қауым құрбандарды еске алып, тағзым етті. Бұдан соң қалалық Мәдениет үйі алдында орналасқан Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне экскурсия жүргізілді.

Сонымен қатар шара аясында музейде «Қуғын-сүргін құрбандары» атты музейдің ғылыми қорындағы құжаттардан жасақталған фотокөрме ұйымдастырылды.

Фотокөрме мамыр айының 31-не дейін жалғасады.