Aktobe regional
MUSEUM
OF LOCAL HISTORY

  

Poster

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Read more...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Read more...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Read more...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Read more...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Read more...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Read more...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Read more...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Read more...

Guidebook

Virtual museum

Яндекс.Метрика

 

«Музей түні - 2024»

18-мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні - 2024» мәдени іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

«Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімі бойынша өткізілген «Музей түні-2024» мәдени іс-шаралары туралы ақпарат:

Қазақ хандығы экспозициялық залында өлкеден шыққан жыршы, жырау, әншілер («Қобыланды батыр» жыры, Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастаны жырланды, Сары Батақұлы, Әбубәкір Кердері, т.б. ән-жырлары) мұрасын насихаттау мақсатында «Сөз маржанын тергенде дес бермейтін» тақырыбында Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен жас таланттар Әмина Кемел, Әкімжан Жеңіс, Қазбек Хамитовтар өнер көрсетті. Керегелер құрылып, киіз үйдің ішкі жабдықтарының көрінісі нақышталды.

Сонымен қатар музей келушілеріне «Хан тағы» фото алаңында бүркіт ұстаған қазақ батырлары көрінісі ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай музей қорынан суретшілер Орынғали Хайруллин мен Александр Корваттың картиналарынан «Құтты мекен – Ақтөбе» тақырыбында көрме жасақталды.

Жас суретші Рақымжан Шымбай акварелмен музей келушілерінің портреттерін салып, сурет салудан шеберлік сағатын өткізді.

«Ерлік пен Даңқ» тақырыптық-экспозициялық залында қала мектептері мен колледждердің Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері АК-74 қаруы

бойынша №12, №13 нормативтерін (жартылай шашып-жинау) орындаудан шеберлік сағатын өткізіп, музей келушілері арасында сайыс ұйымдастырды.

Қалалық техникалық-шығармашылық орталығы «Өнер тапқыштыққа алғашқы қадам» атты жас өнертапқыштардың қолынан шыққан ұшақтар мен тікұшақтар макеттерінен жылжымалы көрме жасақтады.

Иллюзианист Евгений Гусейнов «Сиқырлы әлем» тақырыбында барлық буын өкілдерімен бағдарламалық өнер (сиқырлары) көрсетті.

«Самұрық» шоу-балеті өнерпаздары иллюзианистпен бірлесе венециандық киім үлгілерімен бағдарламалық өнерлерін көрсетіп, музей келушілерімен фото алаң ұйымдастырды.

Облыстық «Алақай» қуыршақ театры қазақ ертегілерінен қойылым көрсетіп, ұлттық ойындардан сайыстар өткізді.

«Тары – дәнді дақыл» көрінісінде атақты тарышы Шығанақ Берсеев шалғы орағын қайрап, қапшықтығы тарыны сұрыптап бөліп отырған кезі суреттелді. Тары дақылын қазан-ошақта қайнату, пісіру (әйел адам), келі- келсапта түю (ер адам), тас диірменде талқандау (әйел адам) процестері көрсетілді. Және келі-келсапта түю, тас диірменде талқандаудан шеберлік сағаттары өткізіліп, осы процестерді музей келушілері өз қолдарымен жасап көрді.

Музей қоры мен Тәжірибелік станция қорынан тары дақылының түрлі сұрыптары (масақтары) көрмесі жасақталды.

 Жалпы тарих, археология және этнография ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні- 2024» дәстүрлі мерекелік шарасы бойынша жасалған жұмысы

Археология залында ежелгі дәуір адамдарының жерлеу ғұрпы көрсетілген болатын. Онда мүрдені жерлеу ғұрпы және адам денесінің жатқызу тәртібі, бас сүйектің бағытталуы ерекшеліктерін көрсету, сонымен қатар өткен заманда мүрденің қасына қойылатын қыш ыдыстар, әшекей бұйымдардың салыну дәстүрі көрсетілген болатын. Оба орталығында киімімен жерленгелі жатқан адамның сұлбасын (манекен) көрсетілді. Сонымен қатар дұға оқып жатқан «бақсының» келбеті келушілерді таң қалдырды. Ол обаға салынатын заттарды рәсімдеп жатқан сәті көрсетіліп, ерекше киім үлігісі келушілердің қызығушылығын арттырды. Көрініске құрбандық шалатын ыдыс, қола қазан, құрбандық ретінде салынған тағамдар келушілер назарына қойылған болатын.

Сонымен қатар археология залының артқы жағына тас дәуірі мезолит кезеңіздегі алып жануар – мамонттың суреті 3х4 метрлік баннерге (фотозона) ілінді. Банер алдына тас ғасырының алғашқы қауым адамдарының киімін киіп суретке түсу мүмкіндігі болды. Келуші қонақтар сол кезеңге сәйкес аң терісінен тігілген киім үлгілерін киіп, қару-жарақтарын қолға ұстап ерекше әсер алуымен қатар суретке түсіп, тас ғасыры заманына саяхзаттап қайтты десек болады.

Қола дәуірінің көрінісі. Музейдің 1-ші қабатында орналасқан әйнекті көрме залына полеометалл кезеңі экспозициясының маңына қыш құмыра дайындалуға арналған пештің макеті дайындалған болатын.

Бірінші қабатта орналасқан көрме залында мельльхиор металынан қазақы нақышта зергерлік бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып ұлттық зергерлік бұйымдар жасаудан мастер-класс өткізілді.

«Тарих пен тұлға» залында Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің талантты қатысушылары тоғызқұмалақ ойынын ойнаудан өз біліктіліктерін көрсеткен болатын. Қала қонақтары олармен тоғызқұмалақ ойынын ойнап, жасөспірім балалар бұл ұлттық ойын түрін үйренуге қызығушылықтарын білдіріп жатты.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі бойынша өткізілген «Музей түні – 2024» мәдени іс-шаралары туралы ақпарат.

Жасанды интеллектпен тұлғаны сөйлету.

Музейдің өлке тарихы залында келушілерге жиыны 6 (алты) әлемге, елімізге танымал тарихи тұлға, ұлт, өнер, ғылым қайраткерлері Әйтеке бидің, күйші, домбырашы Қазанғап Тілепбергенұлының, жыршы Нұрпейіс Байғаниннің, музыкант, композитор Ахмет Жұбановтың, қазақтың биші балеринасы Нұрсұлу Тапалованың, әнші Әли Құрмановтың порттерінде көрсетілген QR кодты ойнату арқылы тұлғаларлы танып білуге мәліметтер көрсетіліп, тыңдалды.

«Шатлык пен Вайнах» этномәдени бірлестіктері өнерпаздарының музыкалық бағдарламасы.

Облыстық ҚХА жанындағы татар-башқұрттардың «Шатлык» және шешен ингуштардың «Вайнах» этно мәдени бірлестіктерімен бірлесіп «Біз қашанда біргеміз» атты музейдің «Тәуелсіздік жолымен» залында бағдарлама өтті. Бағдарлама аясында аталған ЭМБ-лерді, олардың қызметімен төрағаларымен таныстыруы жасалып, өнерпаздар өнері тамашаланды.

«Жұбановтар мұрасы – ұлт қазынасы».

Мұғалжар ауданы ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейі мен ғылыми- әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен ағайынды Жұбановтардың порттері, А.Жұбановтың  концерттік фраг киімі, Қ.Жүбановтың жұбайы Раушан Жұбанованың киімі және облыстық музейдің қорынан алынған экспонаттардан құралған көрме жасақталды. М. Арын атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Сансызбай Ерасыл Құдайберген Жұбановтың рөлін сомдады. Сонымен қатар композитордың шығармалары негізінде ағайынды Жұбановтардың мемориалдық музейінің директоры Ұлболсын Керейқызы скрипкамен «Қарлығаш», «Ақ көгершін» т.б туындыларын орындады.

Зияткерлік «QUIZ» ойыны.

Бұқаралалық – экскурсиялық бөліммен бірлесіп «Музей түні - 2024» мерекелік шарасына келушілер арасында Зияткерлік «QUIZ» ойыны өткізілді. Ойын музей экспонаттары негізінде сан алуан тақырыпта облыс тарихына, табиғаты, геологиясына т.б ғылымдар мен өнерге, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлеріне, тікелей тарихи тұлғаларға қатысты 25 сұрақ дайындалып, алдын ала бейнеге түсірілді. Келушілер арасынан белсенділер шығып, ойынға қатысты. Ойын соңында жеңімпаздарды музей директорының алғыс хатымен марапатталып, сыйлыққа кітаптар табысталды.

 

Табиғат және экология бөлімінің «Музей түні – 2024жыл» шарасының барысы

«Қызықты ботаника»

«Қызықты ботаника» тақырыбы бойынша «Ботаник» бейнесінде киім киіліп, ботаниктің арнайы тұрағы жасақталып, оның зерттеу мен жұмыс жасау барысы көрсетілді. Музей қорынанан ботаниктің жұмыс жасауға арналған арнайы құрал- саймандары мен қажетті заттары(компас, дүрбі,микраскоп,колбалар, т.б) халыққа ұсынылды. Көрініске Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ студенті Дауылбаев Нұрлыбек қатысты.

Сонымен қатар мольбертке ботаник туралы жазылған толық мәлімет қойылды. Ботаник - өсімдіктерді зерттеумен айналысатын ғалым. Ботаниктің зерттеу мәні өсімдіктердің қасиеттері, олардың даму заңдылықтары болып табылады.Ботаниктер өсімдіктердің жаң түрлерін іздейді       және  түрлерін    жіктейді.    Ботаниктер өсімдіктердің адам мен жануарларға әсерін де анықтайды.

Аристотель шәкірті Теофрасты (б.д.д 371-286) «ботаниканың әкесі» деп аталады.Теофрасттың ботаникалық еңбектерін ауыл шаруашылығы, медицина практиктерінің және осы саладағы көне әлем ғалымдарының жұмыстарының біртұтас таным жүйесі ретінде қарастыруға болады. Теофраст дербес ғылым ретінде ботаниканың негізін қалаушы болды: шаруашылықта және медицинада өсімдіктерді қолдануды сипаттаумен қатар ол теориялық мәселелерді қарастырды. Теофраст еңбектерінің ботаниканың одан кейінгі дамуына әсері көптеген ғасырлар бойы орасан зор болды, себебі Ежелгі әлем ғалымдары өсімдіктердің табиғатын түсінуде де, олардың нысандарын сипаттауда да одан жоғары көтерілген жоқ.

Жер бетiнде өсiмдiктердiң шамамен 390 000 түрi белгiлi. Оларға гүлді өсімдіктер, папоротниктер, қарағайлар, пальмалар және т.б. кіреді.

 

«Асыл тастар құпиялары» көрмесі

Көрме залында асыл тастар жинақтаушы қала тұрғыны Александр Кислицаның жеке «Асыл тастар құпиялары» атты көрмесі жасақталды. Көрмеге көптеген мемлекеттен Үндістан, Ресей, Пәкістан, Түркия т.б. жинақталған 100-ге жуық бағалы асыл тастар қойылды. Асыл тастардың адам адам денсаулығына, күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдалы жақтары жайында мағлұматтар берілді.

Асыл тастар - ең қымбат материалдарға жататын минералдар. Асыл тастар ретінде пайдаланылған минералдардың 300-ден астам түрі бар. Шеберлер әдемі реңкті, жылтырлығы, түсінің біртектілігі, тазалығы, жоғары қаттылығы бар асыл тастарды пайдаланады. Оларға алмас, рубин, изумруд, сапфир, александрит, табиғи інжу, янтарь жатады. Қазiргi уақытта ашылған тастардың түрлерiнiң 4000-нан астам атауы бар. Зергерлік өнеркәсіпте минералдардың 350-ге жуық түрі пайдаланылады. Грек тарихында асыл тастардың қолданылуы біздің эрамызға дейінгі 1600 жылға дейін созылады.

Жер бетінде пайда болған ең көне асыл тас - циркон. 2001 жылы зерттеушілер Батыс Австралиядағы Джек-Хиллзден табиғи цирконның бір бөлігін тауып, оның шамамен 4,4 миллиард жыл бұрын болғанын анықтады.

Асыл тастарды өңдеп, әшекей бұйымдарға пайдалану – ежелгі сақтар, ғұндар мен массагеттерден қалған ата кәсіп. Менделеевтің кестесіндегі 118 элементтің 99-ы елімізде бар.

 

Фотозона «Көбелек»

Табиғат залында Ақтөбе облысында тіршілік ететін көбелектердің бірнеше түрі экспозицияға қойылған. Сол себепті «Көбелек» фотозонасы халыққа ұсынылып, фотоға түсіп, жақсы әсер алу мақсатында қойылды. Балаларға көбелек пен инеліктің контурлары беріліп, жапсырма жұмыстары жүргізілді.

«Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар» бөлімінің

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырып өткізген мәдени іс-шараларының

АҚПАРАТЫ

18-мамыр күні Ақтөбе қаласының 155 жылдығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы аясында Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні - 2024» мәдени іс-шаралары ұйымдастырылып өткізілді.

Шара барысында «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар» бөлімі бірқатар шаралар ұйымдастырды:

«Домбыра пати»

Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжінің студенттерінен құралған домбырашылар қазақ күйлерінен попурри орындады.

«Дресс код»

Іс-шараға келген қонақтарға арнап музей фойесінде қызыл кілме төселіп, фотозона жасақталды. Және келушілерге голливудтық және кешкі стилінде дресс код жарияланып, үздік деп танылғандарға сыйлықтар тарту етілді. Басты сыйлық Александра Гасанованың отбасына берілді. 

Сабын және балауыздан майшам жасау шеберлік сағаты

 Альбина Дуешова Сабын жасау шеберлік сағатын өткізіп, түрлі формада дайындалған сабыннан көрме ұйымдастырды. 

Сапарғали Ағлес Мақсатқызы балауыздан майшам жасау шеберлік сағатын өткізіп, алдын ала түрлі формада дайындалған балауыздан көрме жасақтады. 

«Жас археолог»

Келуші балаларға құмыра бөлшектерін тауып, жинақтаудан шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатты бөлімнің экскурсия жүргізушісі Нұрия Жүсіп және қорларды ғылыми-зерттеу бөлімінің  ғылыми қызметкері Мелисов Баубек ұйымдастырды.

«Аквагримм»

Табиғат залында Асемгүл Абдисадықова Аквагримм жасап кішкентай келушілерді қуантты. Және аталған залда кусттан киім тігіліп, келушілерге пранк жасалды. 

«Тілек бұрышы»

Ақтөбе облысының картасынан «Тілек бұрышы» ілініп, келушілер шараның өту барысы мен музей ұжымына тілектерін жазып қалдырды.

Зияткерлік «QUIZ» ойыны.

Ғылыми-әдістемелік бөліммен бірлесіп келушілер арасында Зияткерлік «QUIZ» ойыны өткізілді. Ойын музей экспонаттары негізінде сан алуан тақырыпта облыс тарихына, табиғаты, геологиясына т.б ғылымдар мен өнерге, мәдениет, әдебиет, өнер қайраткерлеріне, тікелей тарихи тұлғаларға қатысты 25 сұрақ дайындалып, алдын ала бейнеге түсірілді. Келушілер арасынан белсенділер шығып, ойынға қатысты. Ойын соңында жеңімпаздарды музей директорының алғыс хатымен  марапатталып, сыйлыққа кітаптар табысталды.

«Жұлдызды экскурсовод»

Келушілердің назарын Ақтөбе қаласына және Қазақстанға танымал тұлғаларды басқа қырынан көрсету мақсатында музей залдары экспозициялары бойынша экскурсия жүргізілді.

«Тәуелсіздік жолымен» залының Ақтөбе өңірінің Мәдениетіне арналған экспозиция бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ақтөбе облысының Құрметті Азаматы, тәжірибелі ұстаз, әлем мойындаған талантты әнші Димаш Құдайбергенұлының ұстазы Әйтімов Марат Олжабайұлы экскурсия жүргізді.

«Этнография» залының Қазақ халқы музыкасы экспозициясы бойынша ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ақтөбе облысының Құрметті Азаматы, белгілі күйші, Асылханов Жайлау Жаншаұлы экскурсия жүргізді.

«Қолөнер бұйымдары» көрмесі

Ағаштан түйін түйген шебер Қарамұқан Басшиннің қызы Мауыт Қарамұқанқызы қолөнер бұйымдарынан көрме жасақталды.

 

«Музей түні - 2024» мәдени іс-шарасына келген келушілердің жалпы саны: 7384.