Өтетін орны: Облыстық тарихи-өлкетану музейі
Өтетін уақыты: 13 желтоқсан, 2023 жыл
Сағат: 10:00
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 13 желтоқсан күні облысымыздың «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінің қатысуымен тарихи-танымдық кездесу өтеді.
Шара барысында Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көріп отырған «Желтоқсан жаңғырығы» кітабының тұсаукесері және «Желтоқсанда жалындаған жүректер» тақырыбында «Желтоқсан» оқиғасына қатысушылардың фото және құжаттай деректерінен жасақталған көрменің ашылу салтанаты өтеді.
Шараның мақсаты — Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат бере отырып, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өскелең ұрпақты өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір-қасиетін білуге тәрбиелеу.
Шараға Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, «Желтоқсан алауы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері және студенттер мен мәдениет мекемелерінің қызметкерлері қатысады.
Көрме 2024 жылдың қаңтар айының 10-на дейін жалғасады.