Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Табиғат залы

Табиғат залы облыстың физикалық-географиялық ерекшеліктері, жер бедері, қазба байлықтары, ауа-райы, сирек кездесетін табиғат ескерткіштері, экологиясы және жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы баяндайды.
Ерте кезеңдерде қазіргі облыс территориясының үлкен аумағын теңіз табаны алып жатқаны ғылыми зерттеулерден белгілі. Соның бір айғағы - музей қорының геологиялық және палеонтологиялық жиынтығы, жерімізде миллиондаған жылдарға созылған табиғат дамуының үрдісін көрсетеді. Палеонтология, геология және зоология коллекциялары және гербарий қоры облыс аумағында бірнеше рет өткізілген ғылыми зерттеулер мен экспедициялардың нәтижесінде жинақталды.
Жаңадан жасақталған табиғат залының экспозициясынан өлкеміздің фаунасының әртүрлілігіне байланысты жануарлар әлеміндегі аң-құстардың тұлыптарына орын берілген. Сондай-ақ карталар, схемалар, фотосуреттер мен бірегей кітаптар ұсынылған. Табиғат залы білім беру үшін (сабақтар, дәрістер, тақырыптық экскурсиялар, әңгімелер және т.б.) құнды, танымдық және мазмұнды көрнекі-ақпараттық материалдар кешені ретінде қызмет етеді және түрлі аудиторияның зияткерлік сұраныстарына сәйкес келеді.

 

Аудиогид