Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Ерлік пен Даңқ» залы

«Ерлік пен Даңқ» залының экспозициясы Ұлы Отан соғысы, 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы және қазақтан шыққан тұңғыш генерал-лейтенант жерлесіміз Жансен Кереев туралы баяндайды.

Ұлы Отан соғысына Ақтөбе облысынан 122 мыңнан астам адам аттанып, 36 мыңнан астамы оралмады. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 9-ы үш дәрежелі Даңқ орденінің толық иегерлері. Шығыс қыздары арасынан шыққан екі батыр қыздың бірі – Әлия Молдағұлованың (1925-1944 жж.) ерлігі оны өшпес даңққа бөледі.

Ақтөбеде жасақталған Мәскеу қаласын қорғауда ерен ерлік көрсеткен атақты 312-атқыштар дивизиясы, Ржев түбінде ерлікпен шайқасқан 101-атқыштар бригадасы, 74-дербес теңіз атқыштар бригадасы мен 129-минометшілер полкі Ұлы Жеңіске жету жолында шайқасты.

Ақтөбеліктер соғыс даласында ғана емес еңбек майданында да ерліктің асқан үлгісін көрсетті. «Бәрі де майдан үшін, Бәрі де Жеңіс үшін» атты экспозицияда Ақтөбеліктердің ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс саласында жасаған еңбектері, майданға көмегі, Жеңіс күнін жақындатуға қосқан орасан зор ерліктері баяндалады. Соғыс жылдары атақты тарышы, «ақ тарының атасы» атанған Шығанақ Берсеев (1881-1944 жж.) тарының жаңа сұрыпын өсіріп, дүниежүзілік рекорд жасады.

Кеңес әскерінің Ауғанстан территориясынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Ауған соғысы майдангерлері» экспозициясы жасақталды. 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысында 2 мыңға жуық Ақтөбелік жауынгер өз борышын өтеді. Соның ішінде жерлесіміз Вячеслав Письменный Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.