Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Облыстық музейде мектеп оқушыларына барл…

05-06-2025

Толығырақ...

Музей түні-2025

13-05-2025

Толығырақ...

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Этнография залы

Этнография залы 11 тақырыпқа бөлінген, қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығымен байланысты дамыған кәсібі, қолданбалы өнері және дәстүрлі рухани мәдениетімен таныстырады.
Экспозицияда қазақ халқының өзіндік мәдени дәстүрін түсінуге мүмкіндік беретін, сирек кездесетін экспонаттар келушілердің назарына ұсынылған. Оның ішінде қазақ халқының қару-жарақтары, жылқы ат әбзелдері, саятшылыққа арналған экспонаттар және қазақтың музыкалық аспаптары бар.
Қазақтың өнері мен дәстүрінің ажырамас, маңызды саласының бірі – зергерлік өнер. Зергерлік өнер - ерте заманнан келе жатқан сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі. Музей қорындағы зергерлік бұйымдардың алуан түрлілігі және сапасы жағынан республикадағы ең елеулі коллекция болып табылады.
Қазақ мәдениетінің бірегей символы – киіз үй. Бұл – даланы мекен еткен көшпелілер баспанасының негізгі түрі.
Көшпелілік салт-дәстүрмен жалғасып келе жатқан қолөнер қазынасының бірі – қазақтың ұлттық киімдері, экспозицияда қазақтың ұлттық киімінің бай коллекциясы көрсетілген.
Музейге келушілер этнография залынан қазақ халқының болмысын, ұлттық ерекшеліктерін, мәдениетін, таным-түсініктерін, өлкеге тән жәдігерлері арқылы танып біле алады.