Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Афиша

Prev Next

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

"Ақыл-ойдың шамшырағы" атты әд…

05-08-2024

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

19-07-2024

Толығырақ...

"Выдающий геолог, крупный ученый-не…

24-06-2024

Толығырақ...

Музей түні - 2024

15-05-2024

Толығырақ...

"Өмір жырын жырлайды ақын жүрек…

04-03-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

 

«Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК -да болу

ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Жалпы ереже

Осы қағидалар «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК (бұдан әрі – Музей) болу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған және Музей аумағында болатын барлық адамдардың міндетті түрде орындауына жатады.

Музей аумағына: автотұрақ, кіреберіс аумағы жанындағы вестибюль, киім ілетін аймақ, кірме дәліздер, баспалдақтар, лифті, көрме залы мен экспозициялық залдар, мәжіліс залдары, әжетхана бөлмелері жатады.

Музейге келушілерге қызмет көрсету қауіпсіздігі мен мәдениетін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалардың жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі қолданыстағы заңмен және Музейдің желілік нормативтік актілерімен айқындалады.

Музей келушілер үшін дүйсенбіден басқа, 1,2,3 қаңтарды есептемегенде демалыс және мереке күндері күн сайын ашық.

Әр айдың соңғы жұмасы санитарлық күн болып табылады әрі сол күні келушілер үшін қысқартылған күн.

Музей жұмысының басталу және аяқталу уақыты:

- ресми сайтта (aqtobe-museum.kz);

- инстаграм парақшасында aqtobe_ muzei

- кіру аймағындағы ақпараттық- анықтамалық тасығыштарда көрсетілген.

Музейге кіру билеті билетте көрсетілген күнге бір реттік келу құқығын береді.

Шұғыл кері оралу жағдайы туындаған кезде келуші Музейге қайта кіру тәртібін келісу үшін әкімшілікке жүгінуге міндетті.

Пайдаланылмаған кіру билеті, қызмет көрсету билеттері кассаға кері қайтарылуы мүмкін.

Кіру билеті, қызмет көрсету билеті пайдаланылмаған жағдайда ақшалай құнын кері қайтару тек кіру билеті пайдаланылмағанын дәлелдейтін келушінің жеке өтініші және Музей әкімшілігінің билеттегі (немесе түбіртектегі) қолының негізінде, жеке басын растайтын құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Әуесқой фото мен бейне түсірілімдер түсірe үшін алынған билетті кері қайтару жоғарыда келтірілген тәртіппен, кіру билеті пайдаланылмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Музейге келушілер: Музей ашық болған күні және сол сағатта ұйымдасқан кезек тәртібімен кассадан кіру билетін алуға міндетті. Келуші Музейдің мүлкіне ұқыпты қарауға, тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіпті және осы Қағидалар талаптарын орындауға ұқыптылықпен қарауы қажет.