Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

«Тарих және Тұлға» тақырыптық-экспозициялық залы

«Тарих және Тұлға» тақырыптық-экспозициялық залында Ақтөбе өңірінен шыққан тарихи тұлғалардың, облыстың саяси-экономикалық, мәдени-рухани, әлеуметтік дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, еліміз бен шетелдерде танымал болған атақты жерлестеріміздің өмір жолы, қызметі туралы ақпарат, фотоматериалдар және жеке тұтынған заттары музейге келушілер назарына ұсынылған.

Олардың қатарында скрипкашы Әлім Алмат (Ғалымжан Әбсалямов), атақты күйші Қазанғап Тілепбергенұлының мұрасын насихаттаушы шәкірттері Қадырәлі Ержанов, Жәлекеш Айпақов, Бақыт Басықараев, Сәдуақас Балмағамбетов, Айса Шәріпов, Қазақ КСР Прокуроры Өтеген Сейітов, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағасы Әбидолла Биекенов, КСРО Мемлекеттік Банкінің республикалық кеңсесі басшысы Нұрғали Қарасаев, әскери қайраткер Болат Жанасаев, ғалымдар Нұрдәулет Күзембаев, Амангелді Айталы, Зәкіратдин Байдосов, Серік Әжіғали, медицина саласы ғалымдары Сайым Балмұқанов, Райса Көзденбаева, Серік Ақшолақов, Намаз Ізімбергенов, Жақсылық Досқалиев, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиев, ақын-жыраулар Ақтан Керейұлы, Қызыл Тұрдалыұлы, Сары Батақұлы, талантты әнші Димаш Құдайберген, Ақтөбеде өткізілген «Бақытты бала» халықаралық ән байқауы жеңімпаздары, т.б. бар.

Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы желілік газ құбырлары жүйесінің қалыптасуы, даму кезеңдері, тарихы және табиғи газдың тартылуы туралы деректер қамтылған.