Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«1869-1940 жж. өлке тарихы» залы

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап патша үкіметі отарлық саясатын қарқынды жүзеге асыру мақсатында жаңа басқару жүйесін енгізіп, әкімшілік реформалар жүргізді. Нәтижесінде қазақ жеріне әскери бекіністер салына бастады. Өлкеміздегі алғашқылары – 1839 жылғы генерал Перовскийдің Хиуа жорығы кезінде уақытша салынған Ақбұлақ (Шошқакөл), Ембі бекіністері болды. Кейіннен 1845 ж. Орал (Ырғыз), 1848 ж. Қарабұтақ форты, 1869 ж. Ақтөбе, Ойыл тұрақты бекіністерінің негізі қаланды.
Зал экспозициясы болашақ Ақтөбе қаласының негізінің қалануынан бастап 1869-1940 жж аралығындағы өлке тарихына арналған. Оны ашып көрсететін Мәскеу, Орынбор архивтерінен алынған бекіністердің жоспарлары, уезд орталықтарында болыстық, ауылдық мектептердің ашылуы. Тұңғыш қазақтан шыққан кәсіби дәрігерлер Мұхамеджан Қарабаев (1858-1928 жж.), қазақ әйелдері арасынан Аққағаз Досжанова туралы, Ақтөбедегі алғашқы мектептердің ашылуы мен халық ағарту ісінің дамуы туралы мәліметтер берілген.
1867 ж. Ойыл өзені бойында ашылған «Көкжар» жәрмеңкесі. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы. Мемлекеттік Дума депутаттары – Алпысбай Қалменов, Бақытжан Қаратаев, 1916 ж., Ақтөбе қаласы мен Ырғыз уездерін қамтыған көтеріліс, «Алаш» партиясы, «Алаш Орданың» батыс бөлімі көсемдері – Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтердің атқарған қызметтері және Ақтөбелік Алаш қайраткерлерімен танысуға болады.
1917-1940 жылдар аралығындағы өңірдегі Азамат соғысы, Кеңес үкіметінің орнауы, 1921-1922 жылдар мен 1932-1933 жылдардағы ашаршылық, ұжымдастыру, индустрияландыру саясаттары қамтылған.
1930-1950 жылдары өлкеде жазықсыздан-жазықсыз 8 мыңға жуық адам саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Олардың қатарында қазақ ұлтының біртуар перзенттері Ұ.Құлымбетов (1891-1938 жж.), Т.Жүргенов (1898-1938 жж.), Т.Жаманмұрынов (1888-1938 жж.), Қ.Жұбанов (1899-1938 жж.), Т.Шонанов (1894-1938 жж.), М.Атаниязов (1899-1945 жж.), т.б. бар.