Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

"Ақыл-ойдың шамшырағы" атты әд…

05-08-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«Руханият» көрме залы

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің облыстық «Нұр-Ғасыр» мешіті ғимаратының жартылай жертөлелік 1-ші қабатында (Әбілқайыр хан даңғылы 92) 2006-2008 жылдары аталған мешіттің құрылысы жүргізілген кезде РФ-ның Татарстан Республикасының астанасы – Қазан қаласындағы бұрынғы КСРО мұсылмандары орталық мешіті ғимаратындағы музейдің басқы залының кішірейтілген жобасымен арнайы лайықталып салынған шығыңқы бөлігіне орналасқан «Руханият» көрме залы 2009-2010 жылдары (2008 жылдың 27 қыркүйегінде облыстық «Нұр - Ғасыр» мешіті ашылғаннан кейін) экспозициялық қалыптастыру жүргізіліп, «Руханият» облыстық музейі ретінде 2010 жылғы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылды. Ал 2019 жылдың басынан бастап өзара қосылу жолымен аталған музей облыстық тарихи-өлкетану музейі құрамына енгізілген соң қайтадан экспозициялық жаңарту жасалып облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Руханият» көрме залы ретінде 2020 жылдың 4-қазанынан бастап жұмыс жасап келеді. Залға музейдің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері жетекшілік жасайды және музей тарапынан арнайы 1 (бір) зал қараушы бөлінген.

Ол арнайы түрдегі Ақтөбе өңірінің XVIII – ғасыр соңы мен 1926-шы жыл аралығында қазіргі облыс аумағында бірден бір діни ағарту орындары болған мешіттердің және оларды ұстаушы діни қайраткерлер, рухани ағартушылардың жәдігерлері эскпозицияларынан жасақталған, яғни дәстүрлі мұсылман дінінің даму тарихына арналған бірден бір, еліміздің басқа өңірлерінде теңдесі (аналогі) жоқ ерекше көрме зал болып табылады. Оның бүгінгі таңдағы жиыны 39 экспозициялық – көрмелік витриналарында 403 эскпонат және олардан бөлек 7 макет (негізінен өңір аумағындағы бұрынғы, қазіргі заманғы мешіттердің) орналастырылған. Аса құнды эскпонаттар қатарына XIX ғасырдағы діни қайраткерлер – мешіт ұстаған хазірет, ахун, ишандардың, жергілікті әулие, халық емшілерінің жекелей тұтынған төл (оригинал) заттарын, т.б, мәселен Қазан, Дамаск т.б Азия және Еуропалық қалалардан шығарылған араб тіліндегі Құран кітаптарын, сондай-ақ мәселен Шалқар ауданы Бозой өңірінен Аманғали ахунның жеке мөрін айтуға болады. Музей бойынша «Руханият» көрме залының өзіндік ерекшелігіне қатысты жинақталған экспонаттардың жалпы жиынтық саны қазіргі таңда – 1020, оның 397-сі негізгі, 623-і қосымша қор жәдігері. Ілгеріде айтылғандай, көрме зал экспозицияларында 403 экспонат орналастырылды, музей қорындағысы – 617.

Көрме залының жанында қоғамдық негізде 2014 жылы құрылған және 2015 – жылдан бастап облыс аудандарына «Аманат» танымдық экспедициясын тұрақты ұйымдастырып, өткізіп келе жатырған «Руханият» танымдық-патриоттық клубы (жетекшісі жергілікті өлкетанушы, діни қайраткер ұрпағы Ж. Абдуллина) жұмыс жүргізуде. Клубқа және жыл сайынғы экспедицияға музейдің ғылыми-әдістемелік бөлімі тарапынан тұрақты жетекшілік жасалуда. Аталған экспедицияның басты мақсаты – өңірдің діни қайраткерлері, рухани ағартушылары (оның қатарында көптеген репрессия құрбандары да бар) және аумақта 1926 жылға дейін жұмыс жасаған мешіттер, ішінара орта дәрежедегі медреселер туралы деректік материалдар, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу және мүмкіндігінше көбіне ұрпақтары қолында сақталған төл жәдігерлерді жинақтап музей қорына, көрме залға қоюға алу болып табылады.