Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Қазақ хандығы залы

Тұтастай қазақ тарихының бір бөлшегі болған – Ақтөбе өлкесі ертеден ұлтымыздың ерекше қасиеттері – батырлық пен биліктің, шешендік пен ақындықтың дәуірлеген ортасы болған жер.

Қазақ хандығының құрылуы, ішкі-сыртқы саясатының дамуы, қазақ халқының ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы соғыстары және ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отаршыл-әміршіл саясатына бағытталған ұлт-азаттық көтерілістері мен қозғалыстардың тарихы, қолбасшылар мен батырларға қатысты жәдігерлер мен деректі құжаттар негізінде «Қазақ хандығы» тақырыптық-экспозициялық залы жасақталды.

Экспозициядан түпнұсқа жәдігерлер қатарындағы – Бұжыр батыр мен Есет батырдың сауыттарын тамашалап, Қарақыпшақ Қобыланды батыр, Әйтеке би Бәйбекұлының және Әбілқайыр ханның бас сүйектері негізіндегі антропологиялық реконструкцияларымен танысасыз. Арынғазы хан Әбілғазыұлының киген кіреуке сауыты, тұтынған жез тостағаны мен ағаш ожауы – бағалы жәдігерлер. Есет батыр Көтібарұлының «Русский художественный листок» журналына шыққан және 1859 ж. Санкт-Петербургте өткен Батыс өлке қазақтарының депутациясына қатысқан кездегі суреттері қойылған.

1973 жылы антрополог Ноэль Шаяхметов Махамбет ақынның бас сүйегі негізінде антропологиялық реконструкциясын жасаған болатын. Сол реконструкция бүгінде зал экспозициясынан орын алды.

 

Аудиогид