Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Мамонттың азуы

Мұз басу дәуірінің кезінде 300-200 мың жыл бұрын Сібір аумағынан Еуропа мен Солтүстік Америкаға тараған, кейін жойылып кеткен пілдер тобына жататын жүндес мамонттың түрлері -Mammuthus primigenius немесе Mammuthus trogonterii азу тістері. Ең ірі азулардың өлшемі - ұзындығы 4,2 м және салмағы 84 кг. Орташа азулардың өлшемі - ұзындығы 2,5 м және салмағы 45 кг дейін жеткен.

1) Ақтөбе облысында 1932 жылы Тамды станциясы маңынан Елек өзенінің сол жағалауынан табылған. Ескі (жарықшақты), түсі қошқыл, ауыр салмақты, өлшемі - ұзындығы 142 см, ені 15 см.

2) Ақтөбе облысында 1954 жылы Мәртөк ауданында табылған. Жарықшақты, өлшемі - ұзындығы 110 см, ені 7 см.