Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Алып бұғы мүйізі

Плейстоцен және ерте голоцен дәуірінде Еуразия құрлығында өмір сүрген Megaloceros - алып бұғының мүйізі. Қазіргі бұғыларға өте ұқсас, шоқтығының биіктігі 2,1 метр, орташа салмағы 540-600 кг, мүйізінің құлашы 3,7 мет және салмағы 40 кг дейін жеткен. Ашық далалық жерлерде өмір сүрген. 1949 жылы Ақтөбе облысы Қурайлы станциясы, Елек өзені жағасынан табылған. Тауып алғандар - Житников И, Шустов В. Мүйіздің сақталымы жақсы, әр құлашы 1,5 метр