Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Аммониттер

Жойылып кеткен басаяқты моллюсктер тобы. Девон дәуірінен бастап бор кезеңіне дейін ерте теңіздерде өмір сүрген. Көбісінің сыртқы қабыршағы немесе бақалшағы бір бағытта бірнеше рет иірімделген қалыпта (мономорфты, гетероморфты). Ақтөбе аумағында Ceratitida тобындағы Ceratites (цератитес) Т2 түрі, Phylloceratida (филлоцератида) тобындағы Phylloceras (филлоцерас) J түрі, Ammonitida Аммониттер J-К тобының Cadoceras (кадоцерас) J3 түрі, Virgatites (виргатитес) J3 түрі, Cardioceras (кардиоцерас) J3 түрлері кең таралған деп топшылануда. Музей қорындағы ірі аммониттер 1975 жылы Ақтөбе облысының Алға химия комбинаты маңынан жер қазу жұмыстары кезінде эксковаторшы И.П.Пфанумер тапқан юра кезеңінде теңізде тіршілік еткен ұлу тұқымдасына жататын тасқа айналған аммониттер өңделіп музей қорына тапсырылған.