Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Тұғыр

Тұғыр – бүркіт отыратын құрылғы. Биіктігі құс отырғанда шалғысы жерге тимейтіндей мөлшерде, шамамен 1,5 – 2 қарыс (30 – 40 см), жуандығы бір білем 3 сирағы бар ағаштан жасалған. Үстінде құс отыратын текше табаны немесе құсқонары бар. Қазақ халқының әдет-ғұрпында үйдің оң жақ босағасына қойылған. Әрі қастерленіп, мұрагерлікке қалдырылатын қасиетті бұйым саналған. Өлшемі: биіктігі 70 см.