Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Сандық

Ағаштан жасалған. Сандықты Ырғыз уезі, Қабырға болысының болысы, Алаш партиясының мүшесі болған Ораз би Тәтеұлы (1856–1917 жж.) қолданған. Сандық бетіне қызыл, сары, жасыл түстермен ұлттық нақыштағы өрнектер салынған.

Музей қорына 2013 жылы О. Тәтеұлының шөбересі Ғафура Жұмағалиева тапсырған. Өлшемі: 27 х 29 х 57 см.