Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Балбалтас

Мүсін Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Өлке ауданынан табылған. Материалы - ашық сұр гранит блогынан қашалған. Биіктігі 78 см, ең үлкен ені 35 см. Жалпы пішіні жоғары қарай кең кесілген конус тәрізді. Мүсіннің кескіні алдыңғы және бүйір жағынан жақсы бейнеленген де, артқы жағынан байқалмайды. Алдыңғы бөлігі егжей-тегжейлі көрсетілген. Мүсіннің төртбұрыш тәрізді бет алаңына мұрын рельефті түрде берілген. Көздері жиектелген доғал тәрізді сызықтармен терең қашалған. Жоғарғы жақтары мұрын контурымен бір сызық құрайды. Көздің үстінде мұрынның сызықтарымен жалғасқан қастары бөлек көрсетілген. Мүсіннің еріндері рельефті шығыңқы бедерленіп, оның үстінде қалың жаққа қарай созылған бедер мұрты болуы мүмкін. Ерін астындағы екі қиғаш сызықтан тұратын сақалы бейнеленген. Бастың денеге ауысуы кезінде мойын аздап тарылумен белгіленіп, оның астында бет контурын қайталай отырып, бүйірлерден бастап, сызықтың ортасына жақындай отырып, шұңқырға шығады. Оларды киімнің жағасы ретінде түсіндіруге болады