Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Балбалтас

Тас мүсін Хромтау ауданының бұрынғы «Қопа» совхозының маңындағы «Қырғыз қуысы» деп аталатын жерден табылған. Бұл ашық сұр түсті, тегіс контурлары бар стела тәрізді мүсін. Мүсіннің биіктігі 104 см, ең үлкен ені 32 см. Бастың үстіңгі бөлігі барынша анық өңделген.

Басынан иыққа өтетін жерінде тек мойын аймағында белгілері білінеді. Дөңгелек пішінді бет жүзінде, сыртқы бұрыштары төмен қарай түсірілген бадамша тәрізді көздері бар, үлкен мұрынды, дөңес ауызды және мұрты бар сапалы түрде бейнеленген бұл мүсіннің ер адам екендігі туралы қорытынды жасауға болады. Бастың сол жағынан құлақтың жоғарғы бөлігін байқауға болады. Мүсіннің сол иығынан өтетін жолақты белдік белбеуінің бейнесі ретінде түсіндіруге болады. Дененің қалған бөлігі көрсетілмеген.