Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

Балбалтас

Тас мүсіннің тек көлемді түрде орындалған бас бөлігін ғана көруге болады. Табылған жері нақты анықталмаған. Сұр-сары құмтастан жасалған. Жалпы контуры өте тегіс, жақсы өңделген. Мүсіннің басы сопақшаға ұқсайды. Бастың артқы жағында өңделмеген тастың орындары бар. Мүсіннің бетінде тасты тегістеудің өрескел іздері сақталған. Мүсіннің басында дулығаға ұқсайтын бүйірлері шығыңқы конустық бас киім тәрізді бейне бар. Бас киімнің бейнесі, мұрын, көз, ауызы тұтас сызықпен қашалған. Қабақ сызығы анық көрінбейді. Сырғасы бар сол құлағы рельефті, дөңес сұрақ белгісі түрінде көрсетілген. Тас мүсін көлемі шағын, сақталған бөлігінің өлшемі 24х18см.