Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

"Көне мешіт шежіресі және Нұрым Рах…

16-04-2025

Толығырақ...

"Парктер шеруі- 2025" табиғатт…

16-04-2025

Толығырақ...

"Үздік экскурсовод - 2025" обл…

24-01-2025

Толығырақ...

«Ғылым биігіндегі тұлғалар»

24-12-2024

Толығырақ...

«Алты Алаштың ардағы» атты тарихи- таным…

18-12-2024

Толығырақ...

«Қобыланды батыр жыры және ұлттық қаһарм…

05-12-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

АСПАПТАР КӨРМЕСІ

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі қорындағы аспаптар коллекциясынан жасақталған «Әлем әуені» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шарада облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова Ақтөбе төрінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрменің маңыздылығына тоқталып, облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінованың атынан Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызын және өз атынан аталған бірлестік директорының орынбасары Рүстем Қайратұлын Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады. Өз кезегінде Рүстем Қайратұлы екіжақты әріптестік байланыстың одан әрі нығая беретінін айтып, музей директоры Мейрам Дүйсенғалиға домбыра аспабын сыйға тартты.

Жиналған қауым Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясы «Достық сазы» фольклорлық ансамблі және белгілі қобызшы Жетес Жәмековтің өнерін тамашалап, қошемет көрсетті.

Көрмеге қазақтың әйгілі әнші-жыршылары мен күйші-композиторлары және әлем халықтарының музыкалық аспаптары қойылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Көрме қазан айының 29-на дейін жалғасады.

Келіп, тамашалауға шақырамыз!