Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

Афиша

Prev Next

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» атты жылжы…

18-11-2024

Толығырақ...

«Талғам мен таным иесі» атты салтанатты …

12-11-2024

Толығырақ...

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТЕРІ ӨҢДЕУ КӘСІБІ: ТА…

05-11-2024

І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Толығырақ...

«Дүние дидарындағы Димаш» көрмесі

22-10-2024

Толығырақ...

«Саз сазгері - Қазанғап»

08-10-2024

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

29-09-2024

Толығырақ...

Невада-Семей полигоны жабылуының 35 жылд…

26-08-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

«ҚР Құрметті азаматы», «Мәдениет саласының үздігі», Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» Гүлсамал Аймахановамен кездесу кеші

8 ақпан күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «ҚР Құрметті азаматы», «Мәдениет саласының үздігі», Жазушылар одағының мүшесі, ақын, журналист, «Жаңа Қазақстанның жыл адамы» Гүлсамал Аймахановамен кездесу кеші өтті.

Гүлсамал Төрединқызы 1962 жылы Шалқарда дүниеге келді.  І.Үргенішбаев атындағы орта мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Алға аудандық «Жұлдыз» газетінде тілші болып бастады. Мұғалжар газетінінің әдеби қызметкері, Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері, облыстық  телерадиокомпаниясында редактор, «Экономика-бизнес» газетінің тілшісі, жауапты шығарушысы, «Ақтөбе» энциклопедиясының ғылми қызметкері, Тәуелсіз «Нұр-Дәулет» газетінің редакторы, Халықаралық «Нұр» университетінің баспасөз хатшысы, Республикалық педагогикалық басылымдардың тілшісі, Шығармашылық академиясы және ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ «Достық» үйінің бөлім меңгерушісі, облыстық «Нұр-Ғасыр» және қалалық орталық мешіттерінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

«Көкмарал», «Еңлікгүл», «Ғарышнама», «Жұлдыздарға жол» жыр кітаптарының авторы. Ақындық өнерімен қатар сазгерлік қырынан да көрініп жүрген ақынның авторлық әндерімен қоса 20-дан аса өлеңіне ән жазылған. Ақтөбенің әнұранына айналған «Айналдым, Ақтөбем»! әнінің сөзін жазған.

Шара барысында ХVІІІ ғасырдағы ел басына күн туған шақта халқымыздың қасіретті тарихына айналған «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңінде атамекеніміздің азаттығы мен туған жеріміздің тұтастығы үшін жаужүрек мың баладан жеке жасақ құрып, басқыншы жауға қарсы жанқиярлықпен шайқасқан Сартай батырдың ерлікке толы өмір жолына арналған «Сартай батыр — жау жүрек мың бала»  жинағының тұсаукесері өтті.

Шараға мәдениет қызметкерлері, ардагер журналистер, ғалымдар, студенттер мен оқушылар қатысты.