Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

Музейде 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні аталып өтті

6 наурыз күні 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне орай «Ана – гүл, қыз – өмір шуағы» тақырыбында мерекелік кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастарды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу. Отбасындағы қыз баланың орны, тәрбиесі жөнінде айтып, қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі екенін ұғындыру.
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық жақсы асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана - құдыретті жан. Ана үш-ақ әріптен құралған.
Кездесу қонақтары: Міржақып Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің кітапханашысы Ж.Бакиева, №4 қалалық емхананың мұрағатшысы А.Есенгалиева, Ақтөбе облысы Полиция Департаментінің майоры З.Мухангалиева.
Шараны жүргізуші экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің нұсқаушысы Н. Сарсенова келген қонақтарға отбасылық жағдайы мен қызмет жолы жөнінде сұрақтар қойып, шараға қатысып отырған қызғалдақтай қыздарға аналық, апалық ақыл-кеңестерін айтты.
Кездесуге келген Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері келген қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала білді. Сонымен қатар шара жүргізушісі оқушы, студент қыздарға тәрбиелік мәні бар ситуациялық сұрақтар қойды.
«Жеті өнер» шығармашылық орталығының оқушысы Есенбаев Азиз «Анашым қартаймашы» әнін, ансамбльдің домбырашы-күйшілері «Секіртпе күйін» тарту етті.
Кездесуге келген аналарға, болашақ аналарға арнап музей қызметкері Еркінұлы Айсұлтан М.Мақатаевтың «Шеше» өлең оқып берді.
Мерекелік кездесуге келген қонақтарға алғыс білдіріліп, сыйлықтар табысталды.