1 сәуір — Халықаралық құстар күніне орай Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар» тақырыптық экскурсиясы өтті. Халықаралық құстар күні 1906 жылы құстарды қорғау бойынша Конвенциясының бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға, аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға, құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.
Танымдық экскурсияға Қалалық жас туристер стансасының №48 орта мектептегі филиалының үйірме оқушылары қатысты.
Табиғатымыздың бір бөлшегі, жаршысы, көркі, әні мен сәні болған құстардың алуантүрлілігі, тіршілігі, экологиялық топтары, құстарға байланысты тыйым сөздер, халық болжамдары, ұя салу түрлері, құстардың тұмсықтарының ерекшеліктері және Жер шарының түкпір-түкпірінде, соның ішінде Ақтөбе облысында мекендейтін Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстар жөнінде мәліметтер берілді.
Оқушыларға Ақтөбе облысында мекендейтін, қорғауға алынған құстар жайында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің дайындаған буклеті берілді.
Экскурсия жүргізуші- табиғат және экология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гаухар Молдагулова.