Ақтөбе облыстық
ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ
МУЗЕЙІ

  

 

 

Афиша

ХАБАРЛАМА!!!

14-10-2026

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» №4 үлгілік базалық бағытының жұмыс жоспары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кестесіне сай, 2026 жылдың  қазан  айының 13 –...

Толығырақ...

"Қобыланды батыр" жыры

30-09-2026

Толығырақ...

Жас экскурсовод-2026

23-09-2026

Толығырақ...

Байқау "Жас экскурсовод - 2024…

30-09-2024

Толығырақ...

Нұсқаулық

Виртуалды музей

Яндекс.Метрика

 

ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жоспарына сәйкес, «Ақтөбе облысы аумағындағы араб графикалы тарихи ескерткіштердің (ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басына жататын құлпытастар) эпиграфикасын зерттеу» жобасын іске асыру мақсатында Әйтеке би ауданы территориясында далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

«Хан моласы», Бұршақбай, Бақсайыс өзені бойы, Әбдібай, Сарыоба, Жуалы, Жаңадәуір, Қарабас әулие, Кілемжайған, т.б. қорымдардағы құлпытастар эпиграфикасы тіркеліп, өлшеніп, сызбалары қағаз бетіне сызылып, фотоға түсіріліп, жазулары оқылды. Сондай-ақ зерттеу тобымен нысандардың жалпы аудан сызбасы, жекелеген құлпытастардың өлшем суреттері салынды.

Зерттеу экспедициясының жетекшісі «Археология және этнография» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері Қонысбай Рахбаев болса, экспедиция құрамында музейдің ғалым-хатшысы Арман Ержанов, «Қазіргі заман тарихы» ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің аға ғылыми қызметкері Фархад Мұстафин мен кіші ғылыми қызметкер Ербол Төремұрат, суретші Айсұлтан Еркінұлы, көлік жүргізушісі Мақсат Жарықов бар.